Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Астана қаласы , Байқоңыр ауданы , Ш.Айманов 3  
+8 (711 2) 51 39 20
+8 (711 2) 50 95 72
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

31 қазан 2025 жылы мектебімізде оқу жылының маңызды кезеңдерінің бірі — әдістемелік кеңестің №2 отырысы өтті.
Кеңес барысында мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру, оқыту сапасын жақсарту және заманауи білім беру технологияларын тиімді енгізу мәселелері талқыланды.

Күн тәртібі:

1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша мектепішілік олимпиаданың қорытындысын саралау
— баяндаған Қошметова А.Т.
Мектеп оқушыларының жетістіктеріне тоқталып, олимпиадалық дайындықтың сапасын арттыру жолдарын ұсынды.

2. Жасанды интеллектті (AI) қолданудың тиімділігі мен маңызын талқылау
— өткізген Нұрбаева А.Т., Бердакова Л.К.
Спикерлер AI технологияларын сабақ үдерісіне енгізудің заманауи тәсілдерімен бөлісіп, мұғалімдердің тәжірибесінде жасанды интеллект құралдарын қолданудың нақты мысалдарын көрсетті.

3. Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын таныстыру
— таныстырған Құрмашев Д.М.
Ол мұғалімдердің кәсіби өсуін бағалау критерийлерін, жаңа талаптар мен өзгерістерді түсіндіріп, әріптестердің сұрақтарына жауап берді.

Кеңес шығармашылық атмосферада өтіп, педагогтер өз тәжірибелерімен алмасып, жаңа идеялармен шабыттанды.
Мұндай кездесулер — кәсіби дамудың, үздіксіз үйренудің және жаңашылдыққа ұмтылыстың кепілі.
Бірлік – табыс, ынтымақ – нәтиже!