Жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде елімізде Еңбек күні атап өтіледі.
Еңбек – қоғамның дамуы мен елдің өркендеуінің негізі. Әрбір атқарылған жұмыс – үлкен еңбектің жемісі, әрбір табыс – қажырлы қайрат пен төзімділіктің нәтижесі.
Халық даналығы айтқандай: «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті».
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында еңбек құндылығын «Адал азамат» тұжырымдамасының өзегі ретінде атап өтті. Бұл сөздер әрқайсымыздың еңбегіміздің елдің болашағына қосқан үлес екенін айқын көрсетеді.
Бүгінгі таңда мемлекет қолдауының арқасында ауыл шаруашылығы мен түрлі еңбек салалары жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Елдің әл-ауқатын арттырып, мемлекеттігімізді нығайту жолында маңдай терін төгіп жүрген әр азаматқа алғыс білдіреміз!
Баршаңызға берекелі еңбек, толағай табыс, зор денсаулық пен отбасылық амандық тілейміз! Қазақстанымыздың әр жетістігі – сіздердің адал еңбектеріңіздің арқасы!
🇰🇿 Еңбек күні – баршамыздың ортақ мерекеміз!
