Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

«Жасыл ел» бағдарламасы - еліміздің болашағы болып табылатын жастарды тәрбиелеуде, оларды еңбекке баулуда және экологиялық мәдениетке үйретудегі ең маңызды бастамалардың бірі.

 Бұған дәлел - мектебіміздің белсенді оқушыларының күнделікті атқарып жатқан игі жұмыстары. Олар тек білім алумен ғана шектелмей, қоршаған ортаға қамқорлық танытып, тазалықтың нақты үлгісін көрсетіп жүр.

 Біздің оқушылар күнделікті қандай жұмыстар атқаруда?

 Абаттандыру: мектеп ауласы мен айналасын қоқыстан тазарту.
 Көгалдандыру: жасыл желектер мен гүлдерді күтіп-баптау, суару.
 Табиғатты аялау: экологиялық тазалықты сақтау мәдениетін насихаттау.

 Болашақта қоршаған ортаға жаны ашитын, тазалықты ту ететін нағыз азаматтар мен азаматшалардың осы жастардың арасынан шығатынына кәміл сенімдіміз!

 Еңбектерің жемісті болсын, жас экологтар!
 Тазалық - табалдырықтан басталады!