Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

«Ел қорғау – ерлердің ісі!»
Мектебіміздің 10-сынып оқушылары «Ел қорғау – ерлердің ісі!» атты әскери-патриоттық іс-шараға қатысты.
Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарына әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті.
Бұл кездесу жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, ел алдындағы жауапкершілікті, ерлік пен азаматтық борыш ұғымдарын қалыптастыруға бағытталды. Әскери қызметке аттанғалы тұрған азаматтарға көрсетілген құрмет оқушыларымызға ерекше әсер сыйлап, ел тыныштығын қорғаудың үлкен жауапкершілік екенін терең сезінуге мүмкіндік берді.
Оқушылар әскери-дала формасында қатысып, әскери тәртіп пен патриоттық рухты сезінді.
Елдің қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғау – үлкен абырой әрі қасиетті міндет.
Отанды сүю – туған елге адал қызмет етуден басталады!
Әскер қатарына аттанған жас сарбаздарға ақ жол, мықты денсаулық, қайсар рух және абыройлы қызмет тілейміз!