Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Жаратылыстану апталығы аясында мектебімізде биология пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен ерекше әрі мазмұнды іс-шара өтті — "STEM әлемі: биология және инновация"
Мақсаты:
Оқушылардың биология пәніне қызығушылығын арттыру
Биологияны STEM салаларымен байланыстыру
Шығармашылық және зерттеушілік дағдыларды дамыту
Іс-шараға 9–11 сынып оқушыларынан құралған 3 топ қатысып, 4 станция бойынша өз білімдері мен шеберліктерін сынады.
1-станция — Биоинженерия (Генетика)
9-сынып оқушылары ДНҚ моделін құрастырып, генетика әлеміне саяхат жасады.
2-станция — Экологиялық инженерия (Су тазарту жүйесі)
10-сынып оқушылары ластанған суды тазартудың тиімді жолдарын ұсынып, экологияға деген жауапкершілігін көрсетті.
3-станция — Биомеханика (Робот-қол жасау)
11-сынып оқушылары инженерлік ойлау мен биологияны ұштастырып, тың идеяларын таныстырды.
Бұл іс-шара оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, ғылымға деген қызығушылығын арттырып, болашаққа шабыт сыйлады!
Осындай тағылымды шараны ұйымдастырған пән мұғалімдері
Аманкулова Ж.П.
Хамидуллина А.М.
апайларымызға алғыс білдіреміз!
Ғылымға қадам — болашаққа қадам!
Білім мен инновация — табыстың кілті!