Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Бүгін Астана қаласы мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының «Байқоңыр» аудандық филиалының төрағасы Естек Қанат Ғалымжанұлымен біздің ұжымның есептік кездесуі өтті.
Кездесу барысында атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы жоспарлар мен маңызды бағыттар талқыланды. Қанат Ғалымжанұлы заңдылық, құқық тәртібі, жұртшылықпен жұмыс және өңірлік даму мәселелері бойынша өз ойымен бөлісіп, ұжым тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Мұндай кездесулер ашық диалог орнатуға, ортақ міндеттерді айқындауға және бірлескен жұмысты жүйелі түрде жалғастыруға мүмкіндік береді.
Кездесу мазмұнды әрі пайдалы өтті. Алдағы уақытта да қоғам игілігі жолындағы жұмыстарды бірлесе атқарамыз.