Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Бүгін «Гүлдер» лагерінің қатысушылары үшін бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға бағытталған қызықты әрі пайдалы психологиялық тренинг ұйымдастырылды.

Тренинг барысында балалар бір-бірімен еркін сөйлесіп, топпен жұмыс жасауға, өз ойын ашық жеткізуге, достық пен сыйластықтың маңызын түсінуге үйренді. Мұндай шаралар оқушылардың өзара жақындасуына, ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға және жазғы лагерьге бейімделуіне үлкен көмегін тигізеді.

Балалық шақ — қуанышқа, достыққа және жылы естеліктерге толы ерекше кезең. Ал лагерь — балалардың жаңа достар тауып, өз қабілеттерін ашатын тамаша ортасы.

Тренингті педагог-психолог Куатбекова Фариза және педагог-ассистент Абуталіпқызы Аяулым өткізді.

«Гүлдер» лагерінің әр күні — балалар үшін жаңа мүмкіндік, жаңа әсер және жаңа достықтың бастауы!