Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Бүгін «Гүлдер» жазғы лагерінде балалар үшін қызықты әрі көңілді күн өтті. Күн таңғы сергіту жаттығуынан басталып, қатысушылар су асты әлемінің ғажайыптары туралы танымдық ертегілер тыңдады. 

Күннің ең әсерлі сәттерінің бірі – балалар асыға күткен **«Water Fight»** су ойыны болды.  Ыстық жаз күнінде балалар бір-бірімен су шашып ойнап, көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын эмоцияларға бөленді.

Түскі астан кейін лагерь қатысушылары қызықты мультфильм тамашалап, уақыттарын көңілді өткізді. 

 Осындай қызықты сәттер балалардың жазғы демалысын жарқын етіп, жаңа достар тауып, ұмытылмас естеліктер жинауына мүмкіндік береді.

«Гүлдер» лагеріндегі әр күн – жаңа әсер мен көтеріңкі көңіл-күйге толы!