Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Бүгінгі күн «Гүлдер лагерінде» көтеріңкі көңіл-күймен басталды. Балаларды жылы қарсы алып, жаңа күнге жақсы әсер мен шаттық сыйладық.

Таңертеңгілік жаттығу кезінде балалар сергіп, белсенділік танытып, күнді жігерлі бастады. Кейін барлығымыз Арсенал Cinema кинотеатрына барып, қызықты мультфильм тамашаладық. 

Мектепке оралған соң балалар көңілді караоке бағдарламасына қатысып, сүйікті әндерін орындап, бір-біріне қуаныш сыйлады. 

«Қуаттанып алайық» атты түскі ас кезінде балалар дәмді тағамдардан қуат алып, күннің жалғасын көтеріңкі көңіл-күймен өткізді.

Әр күн — жаңа әсер, жаңа достық, жаңа мүмкіндік!
«Гүлдер лагері» балалардың жазғы демалысын қызықты, пайдалы әрі есте қаларлық етуге бағытталған.

Күн соңында балаларды көтеріңкі көңіл-күймен шығарып салып, келесі кездесуді асыға күтудеміз!