Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

«Ғасырлар мұрасы» – ұлттық қолөнерді ұлықтау
Отбасы апталығы аясында мектебімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Ғасырлар мұрасы» қолөнер шеберлік сағаты ұйымдастырылды.
Оқушылар аналарымен бірге қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің бірі – құрақ құрау және ұлттық нақыштағы әшекейлер жасау өнерімен танысып, өз қолдарымен ерекше бұйымдар жасады.
Осындай тағылымды кездесулер арқылы балалар атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық мұраны танып, қол еңбегінің қадірін сезінеді, шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Қолөнер – халқымыздың тарихы, талғамы мен рухани байлығын сақтап тұрған асыл мұра.
Ұлттық өнеріміз ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, әр баланың жүрегінде елге, дәстүрге деген мақтаныш сезімін оята берсін!