Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

 16 наурыз күні мектебіміздің акт залында 11-сынып оқушыларына арналған іскерлік ойын өтті. Іс-шараның мақсаты — оқушыларға болашақ мамандықты таңдауда дұрыс жоспар құрудың маңызын түсіндіру және түрлі білім алу мүмкіндіктерін талқылау.

Оқушылар бірнеше топқа бөлініп, келесі тақырыптар бойынша жұмыс жасады: колледжде оқу арқылы мамандық меңгерудің артықшылықтары 10–11 сыныпта оқу арқылы болашаққа дайындалу Қазақстандағы үздік университеттерге түсу жолдары Еуропа және АҚШ университеттеріне түсу мүмкіндіктері Азия елдеріндегі (Қытай, Корея, Жапония) оқу мүмкіндіктері Назарбаев Университетінде оқудың артықшылықтары

Әр топ жеке іс-әрекет жоспарын ұсынып, мақсаттар, негізгі қадамдар, мерзімдер және мүмкін болатын тәуекелдер мен баламалы шешімдерді көрсетті.
Іс-шара барысында оқушылар болашақ мамандықты таңдауда әрқашан бірнеше білім беру жолы бар екенін және жоспардың икемді болуы маңызды екенін түсінді.