Бүгін Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп - гимназиясында 9 - 11 сынып оқушыларына арналған «Қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік» республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың қаржы саласындағы білімін тереңдету, жауапкершілік пен саналы тұтыну мәдениетін қалыптастыру, цифрлық қауіпсіздік дағдыларын дамыту.
Қатысушылар жеке және командалық форматта тапсырмаларды орындап, қаржылық шешім қабылдау, бюджетті жоспарлау, онлайн қауіпсіздік пен инвестиция негіздері бойынша білімдерін сынады.
Мұндай олимпиадалар оқушылардың өмірлік дағдыларын жетілдіріп, болашаққа сенімді қадам басуына жол ашады.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен жауапкершіліктері үшін алғыс білдіреміз!
Енді аудандық кезеңде сәттілік тілейміз!