Бүгін Байқоңыр ауданында тұрғын үй кешендеріндегі қауіпсіздік мәселелеріне арналған маңызды кездесу өтті.
Кездесудің негізгі тақырыбы:
«Тұрғын үй кешеніндегі қауіпсіздік: өрт қауіпті кезең және балалардың терезеден құлауының алдын алу»
Іс-шара барысында тұрғындарға:
өрт қауіпсіздігі талаптары
балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алу жолдары
тұрмыстық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Кездесуге сала мамандары арнайы қатысып, өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді:
Байқоңыр ауданы ТЖБ азаматтық қорғау аға лейтенанты, аға инженер — Қабдрахманов Әділет Мұхтарұлы
азаматтық қорғау капитаны — Мұқанов Асқар Қанашевич
Байқоңыр ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры — Болатов Арғын Ерланұлы
Кездесудің басты мақсаты – тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру, әр отбасында сақтық пен жауапкершілік қағидаларын нығайту және балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау.
Құрметті ата-аналар!
Әрбір қауіпсіздік ережесі – бала амандығына бастар маңызды қадам.
Балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамайық, себебі олардың өмірі мен денсаулығы – баршамыз үшін ең қымбат құндылық.
Қауіпсіздік – әр үйден, әр отбасынан басталады.

