Кейде адамға қиын сәтте бір ғана дұрыс қоңырау, бір жылы сөз, бір дер кезінде көрсетілген көмек үлкен үміт сыйлайды.
Сондықтан әрқайсымыз өзіміздің және жақындарымыздың қауіпсиздігі үшін маңызды нөмірлерді білуіміз керек:
102 — Полиция
Қауіп төнгенде немесе құқық бұзушылықтың куәсі болған жағдайда хабарласыңыз.
111 — Отбасы, әйелдер және балалар істері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы
Отбасы мен балалардың құқықтарын қорғау, көмек пен қолдау қжет болған жағдайда қызмет көрсетеді.
150 — Отбасын қолдау орталығы
Отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша кеңес пен қолдау алуға болады. Мамандармен байланыс жұмыс кундері 09:00–18:00 аралығында жүргізіледі.
Біз тыңдаймыз. Қорғаймыз. Қолдаймыз.
Ең бастысы — қийындықпен жалғыз қалмаңыз және көмек сұраудан қорықпаңыз.
Балаларымызға да осы нөмірлерді үйретейік. Себебі қауіпсиз қоғам — бір-бірине бейжай қарамайтын адамдардан басталады.
Сіздің қауіпсіздігіңіз — біздің ортақ жауапкершілігіміз!


