Қазақстан Республикасының Президенттік орталығына танымдық экскурсия
Бүгін мектебіміздің 8 «А» және 8 «Ә» сынып оқушылары Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Президенттік орталығына барып, тағылымды әрі мазмұнды экскурсияға қатысты.
Экскурсия барысында оқушылар еліміздің Тәуелсіздік тарихымен, Қазақстанның қалыптасу және даму кезеңдерімен, мемлекеттік рәміздермен, тарихи маңызды оқиғалармен, елордамыздың өркендеуімен және еліміздің заманауи жетістіктерімен танысты.
Интерактивті технологиялар мен мультимедиялық экспозициялар оқушыларға ұсынылған материалдарды тереңірек түсінуге мүмкіндік беріп, олардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Осындай танымдық сапарлар – тек жаңа білім алудың мүмкіндігі ғана емес, жас ұрпақтың туған елінің тарихын құрметтеп, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыратын маңызды тәрбие алаңы.
Өткенін таныған ұрпақ – болашағына нық қадам басады!

