Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Бүгін «Қазанат» жазғы лагерінің қатысушылары ұлттық нақыштағы киіз үйде ағылшын тілін үйреніп, жаңа сөздермен танысып, өз ойларын еркін жеткізуге дағдыланды.

Киіз үй — халқымыздың рухани мұрасы, ал ағылшын тілі — әлемге жол ашатын білім кілті. Осындай ерекше үйлесім балалардың қызығушылығын арттырып, білім алуға деген ынтасын күшейтті.

Балалар ойын арқылы сөздік қорын дамытып, бір-бірімен ағылшын тілінде сөйлесуге тырысты. Әр сабақ — жаңа мүмкіндік, әр үйренген сөз — үлкен болашаққа жасалған қадам!

Қазанаттықтар білімге құштар, жаңалыққа жақын, болашаққа сенімді!