15 қазан күні мектеп фойесінде Әлихан Бөкейханұлының туғанына 160 жыл және Міржақып Дулатұлының 140 жыл толуына арналған “Таным алаңы” өз жұмысын жалғастырды.
Бұл танымдық алаңда оқушылар Алаш қайраткерлерінің өмірі мен еңбектерімен танысып, олардың халқына сіңірген еңбегіне терең үңілді.
Зияткерлік ойын барысында білімдерін сынап, “Алаш қайраткеріне хат” айдарында Әлихан Бөкейханұлына арналған әсерлі хаттарын жазды.
Сонымен қатар балалар Абай Құнанбайұлының “Есек пен бұлбұл” мысалы негізінде ұйымдастырылған қызықты зияткерлік ойынға қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Осындай шаралар жас ұрпақтың ұлттық тарих пен рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, таным көкжиегін кеңейтеді.