Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Бүгін Абдукаримова Зейнеп мұғалімнің жетекшілігімен 8 «Б» сыныбының оқушылары киіз басу өнерін үйренді. 🐑✨

Ұлттық қолөнеріміз – ата-бабамыздан жеткен асыл мұра. Киіз – қазақ халқының тұрмысында кеңінен қолданылған, бірлік пен еңбектің символы.

Сабақ барысында оқушылар киізді қалай басу керектігін тәжірибе жүзінде жасап, ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігімен, ұлттық құндылықтарымен жақын танысты.

Бұл сабақ «Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік» құндылығын дәріптеді. 💪
Ал ұлттық қолөнерімізді ұлықтау – жас ұрпақтың бойында Тәуелсіздік пен Отаншылдықты күшейтеді. 🇰🇿

✨ «Өнер – халық қазынасы, қолөнер – ұлттық рухтың айнасы».

https://www.instagram.com/p/DPBNJsIilU7/