Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Астана қаласы , Байқоңыр ауданы , Ш.Айманов 3  
+8 (711 2) 51 39 20
+8 (711 2) 50 95 72
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

12 қараша күні Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында 10–11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру кездесуі өтті.
Кездесуге Esil University өкілдері келіп, жоғары оқу орны туралы жан-жақты ақпарат берді.

Esil University @esil_university— 1999 жылы құрылған, бүгінгі таңда заманауи талаптарға сай мультидисциплинарлы және кәсіпкерлік бағыттағы жетекші жоғары оқу орны. Мұнда бакалавриат, магистратура, PhD докторантура, MBA, DBA және EMBA бағдарламалары жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, университетте әскери кафедра, мемлекеттік гранттар және қашықтан оқыту мүмкіндігі қарастырылған.
Осындай кездесулер түлектерге өз қабілеті мен қызығушылығына сай мамандық таңдап, өмірлік маңызды шешім қабылдауда нақты бағыт береді.