Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Астана қаласы , Байқоңыр ауданы , Ш.Айманов 3  
+8 (711 2) 51 39 20
+8 (711 2) 50 95 72
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

КӘСІПТІК БАҒДАР – БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ
2025 жылғы 22 желтоқсанда біздің мектепте 9-сынып білім алушыларына арналған маңызды кәсіптік бағдар беру жұмысы өткізілді.
Аталған іс-шараны Смагулова Гульнар Жакиповна ұйымдастырып, оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағытталған мазмұнды ақпарат ұсынды.
Кездесу барысында оқушылар:
• еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы;
• жеке қызығушылық пен қабілетке сай кәсіп таңдаудың маңыздылығы;
• кәсіптік-техникалық білім берудің мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы кеңінен мәлімет алды.
Бұл жұмыс біздің мектеп –
Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия @4mektep_resmi
мен Астана қаласы әкімдігінің «Кәсіптік-техникалық колледжі» @proftech_college
арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылды.
Кездесу білім алушылардың өзін-өзі анықтауына, болашаққа дұрыс бағыт алуына және кәсіби бағдарын қалыптастыруына зор ықпал етті.
Осындай мазмұнды кездесулер – оқушылардың саналы таңдау жасап, жарқын болашаққа қадам басуына берік негіз!