Қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі нәтижелі аяқталды!
9–11(12) сынып оқушылары қатысқан екінші (аудандық) кезең өз мәресіне жетіп, үздік бестіктен көрінген оқушыларымыз қалалық кезеңге жолдама алды!
Біздің мектептен қалалық кезеңге жолдама алғандар:
9-сынып – Бекжасов Санжар
10-сынып – Асилхан Нұрдәулет
11-сынып – Төрехан Азамат
Жетекшісі: Болатбек Диас Мейрамбекұлы
Бұл — еңбектің, табандылықтың және нақты мақсатқа бағытталған дайындықтың нәтижесі!
Сіздерге сенеміз, сіздер мақтануға лайықсыздар!
Қаржылық сауаттылық — заманауи азаматтың басты дағдысы.
Ал біздің оқушылар — осы дағдының көшбасшылары!
Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
Қалалық кезеңде сәттілік, шабыт және биік жеңіс тілейміз!
Тек алға, мықтылар!