Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

«Әке – үлгі, әке – өнеге» тақырыбындағы игі бастама аясында ағаш отырғызу және сенбілік шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Табиғатты аялау мен қоршаған ортаны қорғауды мақсат еткен бұл іс-шараға әкелер мен оқушылар белсенді қатысып, аумақты тазалап, тал көшеттерін отырғызды.
Шара барысында қатысушылар еңбектің маңызын сезініп, үлкендерден үлгі алып, бірлескен жұмыс арқылы ұйымшылдық пен жауапкершіліктің жарқын көрінісін көрсетті. Әкелердің өнегелі ісі жас ұрпаққа тәрбие берудің нақты үлгісіне айналды.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар арқылы өскелең ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігі артып, еңбекқорлық пен патриоттық қасиеттері қалыптасады.