Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Бүгін мектебіміздің 9–11-сынып оқушылары Жастар саясатының қолдау орталығы ұйымдастырған «Bilim Keleshek – II» халықаралық білім көрмесіне қатысты.

Көрменің басты мақсаты — жастарды кәсіби бағдарлау, жоғары оқу орындары туралы нақты ақпарат беру және түлектерге дұрыс мамандық таңдауда бағыт көрсету.

Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларының жауапты хатшыларымен кездесіп, оқу бағдарламалары, гранттар мен шетелдік мүмкіндіктер туралы кеңінен мағлұмат алды.

Осындай игі бастамалар — болашақ түлектердің саналы таңдау жасауына және кәсіби арманын жүзеге асыруына үлкен мүмкіндік!