«Оқытудың жаңа мүмкіндіктері: функционалдық сауаттылық пен жасанды интеллект интеграциясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында мектебіміздің физика-информатика пәні мұғалімі Болатбек Диас Мейрамбекұлы секциялық отырыста мазмұнды баяндама жасап, өзінің тиімді педагогикалық тәжірибесін халықаралық деңгейде таныстырды.
Заманауи білім беру үдерісінде функционалдық сауаттылықты дамыту мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін кіріктіру бағытындағы тәжірибесі қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды.
Конференция қорытындысы бойынша әріптесіміз сертификатпен және Алғыс хатпен марапатталды.
Болатбек Диас Мейрамбекұлына @diasb_7 кәсіби шабыт, тың идеялар мен толағай жетістіктер тілейміз!
Мектебіміздің абыройын асқақтата беріңіз!

