Ұлттық кітап күні қарсаңында өтіп жатқан «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» онкүндігі аясында мектеп кітапханашылардың ұйымдастыруымен 5 «В» сынып оқушыларымен «Кітап – сарқылмас рухани қазына» атты кітап көрмесі өткізілді.
Бүгін, 14 сәуір күні, аталған іс-шара оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, балалар әдебиеті арқылы рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталды.
Көрме барысында жас оқырмандар түрлі кітаптармен танысып, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы өз ойларымен бөлісті.
Кітап – білімнің қайнар көзі, рухани байлықтың бастауы. Әрбір кітап – бала қиялын дамытып, ой-өрісін кеңейтетін баға жетпес қазына.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақты кітап оқуға баулып, ұлттық және рухани құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейді.
Кітап оқуға шақырамыз! Өйткені кітап – сарқылмас рухани қазына!

