Бүгін – руханият пен білімнің алтын қазығына айналған Кітапханашылар күні!
Бұл мереке — саналы ұрпақ тәрбиелеуде, кітап арқылы адамзатқа нұр мен білім сыйлайтын жандарға арналған.
Кітап — рухтың азығы, ал кітапханашы — сол қазынаның сақшысы.
Сіздердің еңбектеріңіз арқылы әр оқырман ізденісін табады, әр бала арманға қанат қадайды.
Барлық кітапханашыларды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңіз еленіп, оқырмандарыңыз көбейе берсін!
Білім мен мәдениетті насихаттаудағы еңбектеріңізге шексіз алғыс!
