15 қазан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығы аясында Гүлнұр Амангелдіқызы Мадишеваның ұйымдастыруымен үзіліс уақытында «Мұғалімдер де ойнайды» атты көңілді шара өтті.
Бұл ерекше үзілісте ұстаздар бір сәтке күнделікті қарбаластан бой жазып, өзара қызықты ойындарға қатысты. Алғашқы ойында олар ребустар шешу арқылы жасырылған мақал-мәтелдерді тапты, келесі кезеңде шапшаңдықтарын сынады.
Үшінші ойында қатысушылар шағын сыйлықтарға ие болып, көңілдері көтерілді. Ал кейбір ұстаздарға сыйлықтың орнына тапқырлық пен әзілге толы тапсырмалар түсті. Бірақ барлығы да сыннан сүрінбей өтіп, өздерінің алғырлығын дәлелдеді.
Іс-шара соңында белсенді қатысқан ұстаздарға естелік сыйлықтар табысталды.
Осылайша үзіліс уақыты пайдалы да көңілді өтті — ұстаздар мен оқушылар шаттық пен шығармашылық энергияға бөленді!
https://www.instagram.com/p/DP2niz6iJoG/?img_index=1