19.11.25 ж. күні 11-сынып оқушыларымен маңызды әрі мазмұнды психологиялық дәріс ұйымдастырылды.
Дәрістің мақсаты:
• Болашақты саналы жоспарлауға ынталандыру
• Мамандық таңдаудағы негізгі факторлармен таныстыру
• Психологиялық тұрақтылықтың өмірдегі рөлін түсіндіру
• Өмірлік дағдыларды дамытуға мотивация беру
Оқушылар мамандық таңдаудың жауапкершілігі, жеке қызығушылықтар мен құндылықтар, қиындықтарды жеңу жолдары және өмірлік дағдылардың маңызы туралы терең мағлұмат алды.
Сабақ барысында ашық диалог, практикалық тапсырмалар және мотивациялық талқылаулар өтті.
Болашақ — бүгіннен басталады. Өзіңді танып, дұрыс бағыт таңдаудан үлкен жол ашылады!