Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» ұйымдастыруымен Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейінде «Математика сабағында жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинар барысында:
математика сабағында жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану;
функционалдық сауаттылықты дамыту;
PISA тапсырмалары;
цифрлық платформалар және AI технологияларын оқу үдерісіне енгізу жолдары талқыланды.

Сондай-ақ қатысушыларға ашық сабақтар мен практикалық шеберлік алаңдары ұсынылды.

Іс-шара аясында «Ой дамыту» қалалық математика пәні педагогтеріне арналған олимпиадасында жүлделі орын иеленген ұстаздар марапатталды.

ІІІ орын иегері Сарсекова Меруерт Ғабитқызыны шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл жетістік — табандылықтың, кәсіби ізденістің және үздіксіз еңбектің нәтижесі.

Білім жолында аянбай еңбек етіп, өз шеберлігін үнемі шыңдап жүрген ұстаздарымызға шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер және шабыт тілейміз!

Құттықтаймыз!
Әрбір жетістік — үлкен еңбектің нәтижесі!