Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Бүгін мектебімізде «Мектебім – мейірім мекені!» атты салтанатты жиын өтіп, жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды.
Алғаш рет мектепке қадам басқан 1-сынып бүлдіршіндері үшін бұл күн мәңгі есте қалмақ. Олар үлкен отбасының бір бөлігіне айналып, білімнің кәусар бұлағынан сусындауға дайын.
Ән мен би, тақпақтар мен жүрекжарды тілектер айтылып, мерекелік көңіл-күйді еселей түсті.

Жаңа оқу жылы – жаңа мақсаттар мен асқақ арман-үміттің бастауы. Әр оқушының жүрегінде білімге деген құштарлық, ал ұстаздарымыздың жүрегінде шәкіртке деген мейірім ешқашан сөнбесін!
Баршаңызға сәттілік пен толағай табыс тілейміз! Жаңа оқу жылы құтты болсын!