Турнир 18 және 19 желтоқсан күндері жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Бұл сайыстың басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ оқыған шығарманы түсініп, талдай білу дағдыларын дамыту.
Турнир барысында оқушылар өздерінің білімдерін, ойлау қабілеттерін және шығармашылық көзқарастарын көрсете білді. Әрбір қатысушы кітаптың тек білім көзі ғана емес, тұлғалық дамудың маңызды құралы екенін дәлелдеді.
Кітап оқыған бала – ойы озық, болашағы жарқын тұлға!
Осындай мазмұнды іс-шаралар арқылы біз оқушыларды білімге, ізденіске және рухани дамуға жетелейміз.
Барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіреміз! Кітаппен дос болайық, өйткені кітап – табысқа бастар жол!
