Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектепте тәртіп пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында мектебіміздің барлық сыныптарында түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Түсіндіру барысында білім беру ұйымына әкелуге тыйым салынған және пайдалануға шектеу қойылған заттар туралы мектепішілік бұйрық мазмұны жан-жақты таныстырылды.
Сынып жетекшілері оқушыларға мектеп аумағына алып келуге болмайтын заттарды нақты түсіндірді:
қару және қаруға ұқсас заттар
кесетін, шаншитын, соғатын қауіпті бұйымдар
жарылғыш, тез тұтанатын, улы және химиялық заттар
пиротехникалық құралдар
темекі өнімдері, электронды темекі (вейп), кальян және олардың сұйықтықтары
психикаға әсер ететін заттар және өзге де қауіпті құралдар
Сонымен қатар, сабақ барысында ұялы телефон, смартфон, планшет қолдану тәртібі түсіндірілді.
Құрылғыларды тек педагогтің рұқсатымен және оқу мақсатында ғана пайдалануға болатыны айтылды.
Түсіндіру жұмыстары барысында оқушыларға:
мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау
қауіпсіздік талаптарына жауапкершілікпен қарау
өз өмірі мен айналасындағылардың денсаулығын қорғау
туралы маңызды ақпарат берілді.
Ата-аналармен байланыс та күшейтіліп, бұйрық мазмұны ата-аналарға жеткізілетін болады.
Бұл жұмыстардың басты мақсаты — қауіпсіз, тәртіпті және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру.
Қауіпсіз мектеп — сапалы білімнің кепілі!


