Қуанышты жаңалық!
Мектебіміздің ұстазы Нурбаева Асель Талгатбековна @assel_creative Daryn AI @daryn.ustaz жобасы аясында республика бойынша екінші кезеңге өтті!
Бұл – кәсіби шеберлік пен жоғары дайындықтың айқын нәтижесі. Сонымен қатар, мектебімізде жасанды интеллект бағыты жүйелі түрде дамып келеді. Біз білім беру үдерісіне заманауи AI технологияларын енгізіп, оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға және инновациялық ойлау қабілетін қалыптастыруға ерекше мән береміз.
Алдағы кезеңде сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз.


