«Шаттық – 2026» балалар мен жасөспірімдер арасындағы XIX қалалық шығармашылық байқауында хореография жанры бойынша «Көше биі» номинациясынан мектебіміз күміс медаль иеленіп, ІІ орынға лайық деп танылды! Бұл жетістік — тынымсыз еңбек пен шығармашылық ізденістің, талант пен табандылықтың нәтижесі. Сахнадағы әрбір қимыл, әрбір ырғақ үлкен дайындық пен қажырлы еңбектің жемісі. Жетекшісі Сейілханова Қарлығашқа ерекше алғыс білдіреміз! Оқушыларға бағыт-бағдар беріп, өнерге баулып, осындай биік белеске жеткізгеніңіз үшін шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз. Бұл — жай ғана жүлде емес, бұл — үлкен мақтаныш!Жас өнерпаздарымыздың жетістігі артып, алар асулары көбейе берсін!


