Бүгін мектептегі ыстық тамақтың сапасы, құнарлылығы мен тазалығын тамақтану сапасын мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия кезекті рет тексерді.
Тексеру барысында күнделікті мәзірдің перспективалық мәзірге сәйкестігі, дайын өнімдердің сапасы және технологиялық карталарға сай дайындалуы қадағаланды.
Асхананың санитарлық жағдайы талаптарға толық сәйкес келеді: ас әзірленетін және сақталатын бөлмелер таза әрі ретке келтірілген.
Комиссия мүшелері оқушылардың мәзірге сай және уақтылы тамақтанатынына көз жеткізді.
Оқушыларымыздың жақсы көңіл-күймен, тоқ қарынмен білім алуына жағдай жасап жүрген асханамыздың аспазшыларына алғыс білдіреміз!
Олардың еңбегі – балалар денсаулығы мен жетістігінің кепілі.