Болашаққа нық қадам
«Мектеп, ата-ана және оқушының бірлескен жауапкершілігі»
9–11 сынып – таңдау мен жауапкершілік кезеңі. Дәл осы уақытта оқушыға бағыт беретін ұстаз, қолдайтын ата-ана және сенім артатын орта ерекше қажет.
Мектебімізде 9–11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Кездесуде білім сапасы, тәртіп, қауіпсіздік, болашақ мамандықты таңдау, маңызды емтихандарға дайындық және ата-ананың қолдауы туралы өзекті мәселелер қозғалды.
Мектеп директоры «Ортақ құндылық – ортақ жауапкершілік – ортақ нәтиже» тақырыбында мектеп пен отбасы серіктестігінің маңызын атап өтті.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Е. Тулбакан мектептің ішкі тәртіп ережелері, мектеп формасы және оқушы жауапкершілігі туралы ақпарат берді.
Мектеп психологі М. Аршагүл жоғары сынып оқушыларына сенім білдіру, психологиялық қолдау көрсету және болашақ таңдауында ата-ананың жанынан табылуының маңызына тоқталды.
Балаға кейде дайын жауап емес, сенім қажет. Қысым емес, қолдау қажет. Ал үлкен мақсаттарға жету үшін мектеп, ата-ана және оқушының ортақ қадамы қажет.
Мектеп бағыт береді.
Ата-ана қолдайды.
Оқушы өз болашағын қалыптастырады.
Болашаққа нық қадам – бүгіннен басталады!

