Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Мектеп – оқушы – ата-ана: бір мақсат, бір жауапкершілік
Бала үшін мектеп – білім ордасы болса, отбасы – оның ең алғашқы тірегі. Ал осы екі орта бір-бірін түсініп, бір мақсатқа жұмылғанда ғана баланың жолы нық, қадамы сенімді болады.
Бүгін мектебімізде 1–4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиын барысында бала тәрбиесі, мектеп пен ата-ана арасындағы сенім, ортақ құндылықтар мен жауапкершілік туралы маңызды ойлар айтылды.
Мектеп директоры «Ортақ құндылық – ортақ жауапкершілік – ортақ нәтиже» тақырыбында ата-анамен серіктестіктің маңызын атап өтті.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Е. Тулбакан мектептің ішкі тәртіп ережелері, мектеп формасы, білім беру талаптары және қосымша білім беру мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.
Мектеп психологі М. Аршагүл «Бастауыш сынып оқушысының мектепке бейімделуі: ата-ананың қолдауы мен балаға сенім» тақырыбында ата-аналармен ой бөлісіп, баланы тыңдау, қолдау және оған сенім білдірудің маңыздылығына тоқталды.
Әр баланың жетістігінің артында оған сенетін ата-ана, бағыт беретін ұстаз және қолдайтын мектеп тұрады.