Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

«Мектеп – оқушы – ата-ана: табысты оқу жылының негізі»
Баланың әр жас кезеңі – жаңа өзгеріс, жаңа жауапкершілік, жаңа мүмкіндік.
Әсіресе 5–8 сынып аралығы – оқушының мінезі қалыптасып, өз пікірі айқындалып, дербестікке ұмтылатын маңызды кезең. Осындай уақытта балаға мектептің де, ата-ананың да түсіністігі, қолдауы мен сенімі аса қажет.
Мектебімізде 5–8 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиын барысында мектеп пен отбасы арасындағы серіктестік, оқушының тәртібі, оқу жауапкершілігі, қауіпсіздігі мен психологиялық қолдауы туралы маңызды мәселелер қозғалды.
Мектеп директоры «Ортақ құндылық – ортақ жауапкершілік – ортақ нәтиже» тақырыбында мектеп пен ата-ананың бірлескен жұмысы баланың табысты дамуына негіз болатынын атап өтті.
Мектеп психологі М. Аршагүл жасөспірім кезеңіндегі баламен дұрыс қарым-қатынас орнату, оны тыңдау, түсіну, сенім білдіру және эмоционалдық қолдау көрсету бойынша ата-аналарға пайдалы кеңестер ұсынды.
Әр баланың жетістігі тек бағамен өлшенбейді. Оның өзіне деген сенімі, жауапкершілігі, ортаға бейімделуі мен болашаққа қойған мақсаты да үлкен маңызға ие.
Балаға кейде ақыл айтудан бұрын – оны тыңдау, талап қоюдан бұрын – түсіну, ал күмәнданудан бұрын – сену қажет.
Мектеп пен ата-ана бір бағытта болғанда, бала өз жолын сенімді табады.
Бірге қолдайық. Бірге бағыттайық. Бірге табысқа жетелейік!