Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тәртіп пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында бүгін мектеп ұжымы мен мұғалімдерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Түсіндіру барысында білім беру ұйымына әкелуге тыйым салынған және пайдалануға шектеу қойылған заттар туралы мектепішілік бұйрықтың мазмұны жан-жақты таныстырылды.
Кездесу барысында мектеп аумағына алып келуге болмайтын заттар нақты түсіндірілді:
қару және қаруға ұқсас заттар
кесетін, шаншитын, соғатын қауіпті бұйымдар
жарылғыш, тез тұтанатын, улы және химиялық заттар
пиротехникалық құралдар
темекі өнімдері, электронды темекі (вейп), кальян және олардың сұйықтықтары
психикаға әсер ететін заттар және өзге де қауіпті құралдар
Сонымен қатар, білім беру ұйымындағы ішкі тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Бүгін мектеп ұжымымен Байқоңыр аудандық полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары — полиция аға лейтенанты Боранбаев Еркебұлан Қасымұлы және полиция капитаны Ратова Сымбат Рахманбекқызы кездесу өткізіп, құқықтық тәртіп, қауіпсіздік талаптары және білім беру ұйымындағы жауапкершілік мәселелері бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ата-аналармен байланыс та күшейтіліп, бұйрық мазмұны ата-аналарға жеткізілетін болады.
Бұл жұмыстардың басты мақсаты — қауіпсіз, тәртіпті және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру.
Қауіпсіз мектеп — сапалы білімнің кепілі!