Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Республика күніне арналған патриоттық шара өтті!
Қазан айында мектеп кітапханасында 25-қазан – Республика күніне орай мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары іс-шара ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – жас ұрпақты Отанын сүюге, ел рәміздерін қастерлеуге, туған жерінің байлығы мен тарихын мақтан етуге баулу, оқушылардың патриоттық сезімін ояту және Қазақстанға деген сүйіспеншілігін арттыру болды.
Іс-шара барысында:
 Оқушылар «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында өз ойларымен бөлісті;
 Ел тарихы, рәміздері туралы мәліметтер тыңдалды;
 Патриоттық әндер мен өлеңдер оқылды;
 Кітап көрмесі ұйымдастырылып, отандық авторлардың еңбектері таныстырылды.
Бұл шара оқушыларға Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі қадір-қасиетін түсініп, өз елін мақтан етуге күш берді.
 Отанды сүю – білімнен, тарихты білуден, жүректегі мақтаныштан басталады!