Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Астана қаласы , Байқоңыр ауданы , Ш.Айманов 3  
+8 (711 2) 51 39 20
+8 (711 2) 50 95 72
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Бүгін, 30 қыркүйек күні, мектебімізде Өнер бірлестігі апталығы аясында ерекше шаралар өтті.

Таңертең оқушыларымыз «Микрофон сенің қолыңда» атты караоке сайысында ән айту шеберлігін көрсетіп, өнердегі таланты мен батылдығын паш етті.

Күннің екінші жартысында «Құрақтағы ұлттық құндылық» атты шеберлік сабағы ұйымдастырылып, оқушылар ата-бабамыздан қалған құрақ құрау өнерінің қыр-сырын меңгерді.

Сонымен қатар, қыш құмыра жасаудан өткен шеберлік сабағында оқушылар өз қолымен әсем бұйымдар жасап, шығармашылық шеберлігін шыңдады.

Бұл шаралар оқушылардың өнерге қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге үлкен үлес қосты.