Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

2026 жылғы 29 мамыр күні Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында №8 педагогикалық кеңес өтті.
Кеңестің тақырыбы:
«2025–2026 оқу жылының қорытындысы: білім сапасын талдау»
Педагогикалық кеңестің негізгі мақсаты – оқу жылының қорытындысын саралау, білім сапасын талдау және оқыту тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелеу болды.
Күн тәртібінде №7 педагогикалық кеңес шешімдерінің орындалуы, білім стандартының орындалу сапасы, 5–8, 10-сынып білім алушыларының аралық аттестаттау қорытындысы, сыныптан-сыныпқа көшіру, мақтау қағаздарымен марапаттау, гимназиялық сыныптардың талаптарға сәйкестігі және оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар қаралды.
Кеңес барысында оқу жылының жетістіктері мен алдағы міндеттері талқыланып, жаңа оқу жылына бағытталған нақты шешімдер қабылданды.
Бірлесе атқарылған жүйелі жұмыс – сапалы білім мен нәтижелі тәрбиенің негізі!