Бүгін педагогтерге арналған «Оқушылардың жазғы демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру» тақырыбында жиналыс өткізілді.
Жиналысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е. Тулкабан өткізді.
Кездесу барысында оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, бос уақытын пайдалы өткізу, еңбекпен қамту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігі, тәрбие жұмысының жүйелі жүргізілуі және ата-аналармен бірлескен жұмыстың маңыздылығы айтылды.
Педагогтерге қажетті ақпарат беріліп, алдағы ұйымдастыру жұмыстары бойынша нақты міндеттер белгіленді.

