Оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау, әдебиет пен өнерді жете меңгерту, өлең жазу мен ақындық қасиеттерін дамыту мақсатында Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырған республикалық «Ақберен» өнер байқауының қалалық кезеңінде мектебіміздің оқушылары бақтарын сынап, жүлдегер атанды. 🎉
🏅 Нәтижелер:
• Шешендік, білгірлік сайысы – Қалдыбай Нұрғиса, 3-орын, жетекшісі Аксисенова Гүлсезім
• Эссе жазу – Мусирманкулова Аяна, 3-орын, жетекшісі Аужанова Айнұр
• Ақындар айтысы – Батан Олжас, 3-орын, жетекшісі Тілеуқұл Нартай
• Ақындар мүшәйрасы – Кемелғазы Балғынбек, 3-орын, жетекшісі Усабаева Айгүл
✨ Жеңімпаз оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Олардың шығармашылық ізденістері мен талпыныстары әрқашан жемісті болсын! 🌟
