Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

✨ Өнер апталығы жалғасуда! ✨

1 қазан күні мектебімізде өнерге құштар оқушыларды біріктірген бірнеше қызықты іс-шара өтті. 🎨🎶

🧵 Таңғы уақытта Иркибаева Қ.Т. жетекшілігімен «Тоқыма өнер-қолөнер» атты шеберлік сабағы өтті. Оқушылар тоқыма өнерінің қыр-сырымен танысып, қолөнерге деген қызығушылықтарын арттырды.

👗 13:00-де Абдукаримова З.О. ұйымдастырған «Креативті дизайнер» сәндік-қолданбалы өнер байқауында 6-сынып қыздары өз шығармашылығын паш етіп, ерекше туындыларын көрсетті.

🌸 Түстен кейін оқушылар оригами өнерін меңгеріп, «Қызғалдақ» жасауды үйренді. Бұл да ерекше әсер қалдырды.

🧩 Ал Ахмет Ш. өткізген «Ойна да ойлан» викторинасында оқушылар білімдерін сынап, ой-өрісін кеңейтті.

🎨 Сонымен бірге Кауыпбаева Г.С. жетекшілігімен «Ою-өрнек сырлары» және ағашпен жұмыс жасау бойынша шеберлік сабақтары өтті.

Бұл күнгі шаралар оқушылардың қолөнерге, ұлттық құндылықтарға және шығармашылық ізденіске деген қызығушылығын арттырып, бойларына шабыт сыйлады. 🌿