Отанға деген сүйіспеншілік – жүректен басталады!
Ал сол жүрекке патриоттық рухты сіңіру – ұстаздың ұлы міндеті
Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Бахытбек Заманбек
10-сынып оқушыларына арналған тағылымды әрі мазмұнды іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара қазақ халқының қаһарман ұлы, даңқты қолбасшы
Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналды.
Кездесудің құрметті қонағы –
Аягөз қаласындағы 10181 әскери бөлімнің
мерзімді әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Болатбек Еміл болды.
Ол оқушылармен ашық әңгіме жүргізіп, жауынгерлік өмір,
әскери тәртіп, Отан алдындағы борыш пен ерліктің мәні туралы әсерлі ойларымен бөлісті.
Жауынгердің әр сөзі – өмірлік сабақ,
әр тәжірибесі – ерлікке бастар жол!
Оқушылар рухани күш алып, болашаққа сеніммен қарауды үйренді.
Мұндай кездесулер жас ұрпақтың бойында патриотизмді, жауапкершілікті, ерік-жігерді қалыптастырады.
Елін сүйген ер – елдің тірегі!
Отан қорғау – абырой, ерлік – мәңгілік!