Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Астана қаласы , Байқоңыр ауданы , Ш.Айманов 3  
+8 (711 2) 51 39 20
+8 (711 2) 50 95 72
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Бүгін, 2025 жылдың 24 қазанында, Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназияда @4mektep_resmi «Педагогикалық серпін» жобасы аясында педагог-тағылымдамашылар үшін тәжірибе алмасуға бағытталған дөңгелек үстел өтті.

Тақырыбы: «Сабақ үдерісіндегі кедергілерді қалай жоямыз?»

Тренер: Б. Ғ. Ғалымжанов

Іс-шараның басты мақсаты — жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру, оқыту процесіндегі қиындықтарды тиімді шешу жолдарын талқылау.

Дөңгелек үстел барысында педагог-тағылымдамашылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, сабақ мақсатына сай түрлі деңгейдегі тапсырмаларды құрастыру, бағалау критерийлері мен дескрипторларды дұрыс қолдану, сондай-ақ тиімді кері байланыс орнату мәселелерін талқылады.

Тренер қатысушыларға сабақ талдаудың заманауи техникасын көрсетті;

Тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқыту сапасын арттырудың нақты жолдары ұсынылды.

Осындай кәсіби кездесулер жас мамандардың педагогикалық серпінін арттырып, олардың тәжірибесін байыта түсері сөзсіз!