Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

18 қараша күні мектеп психологі Мошке А. @arshagul.moshke жаратылыстану-математика бағытында Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысатын оқушылармен арнайы психологиялық тренинг өткізді.
Бұл кездесу – оқушылардың ішкі ресурсын оятып, маңызды кезеңге сенімді қадам жасауына арналған мотивациялық сессия болды.
 Тренингтің мақсаты:
– психологиялық тұрақтылықты нығайту;
– өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту;
– эмоционалды қысымды басқару;
– жарыс жағдайында тиімді ойлау мен әрекет ету қабілетін жетілдіру;
– сенімділікті арттырып, ішкі энергияны дұрыс бағыттау.
Осындай қолдау оқушыларымыздың өзін сенімді сезініп, жоғары нәтиже көрсетуіне мүмкіндік береді.
 Біз жас зияткерлерімізге сенеміз!
Олимпиада жолдарыңыз жеңіске толы болсын!