Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

09.12.2025 жылы 1-сынып оқушыларының ата-аналары үшін маңызды тақырыпқа арналған психологиялық тренинг өткізілді.

Тренингтің мақсаты:

Әр баланың жеке психологиялық ерекшеліктерін, даму қарқынын және қажеттіліктерін ескеріп, ата-аналарға тиімді қарым-қатынас пен қолдау тәсілдерін ұсыну.

Тренинг барысында ата-аналар:

  • балалардың темперамент түрлерімен танысты;

  • эмоционалды қолдау көрсету жолдарын үйренді;

  • баламен сенімді қарым-қатынас орнату дағдыларын талқылады;

  • практикалық жаттығулар орындап, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Тренингті өткізген:

Мошке Аршагүл — мектеп психологы

Педагогикалық қауымдастық пен ата-аналар арасындағы байланыс осындай шаралар арқылы нығая түседі.

Әр бала — бір әлем. Оның ерекшелігін түсіну — дұрыс тәрбиенің бастауы.