20 қазан күні мектебімізде барлық сыныптарда «Республикам – мақтанышым!» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сабақ барысында оқушылар Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, ел тарихы мен рәміздерінің маңызы туралы әңгімелесті.
Балалар өз ойларымен бөлісіп, еліміздің дамуына үлес қосатын жауапты азамат болуға деген ниеттерін білдірді.
Сонымен қатар, «Қауіпсіздік сабағы» аясында 10 минуттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Оқушыларға мектептегі, көшедегі және интернеттегі қауіпсіздік ережелері еске салынды.